МӘДЕНИЕТ

Оқушылар көктемгі демалысын қалай өткізуі керек? Оқу-ағарту министрлігі бірнеше жолын ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: zakon.kz

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының көктемгі демалысын пайдалы әрі қауіпсіз өткізу үшін арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министрліктің ресми өкілі Мереке Аманкелдіқызының айтуынша, үшінші тоқсанның аяқталуына аз уақыт қалды. 2025 жылғы көктемгі каникул 21-31 наурыз аралығында 11 күнге созылады.

"Мектеп оқушыларының демалысын тиімді ұйымдастыру үшін біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде арнайы жоспар жасалды. Сонымен қатар, әр сынып деңгейіне арналған guidebookәзірленді. Бұл құралда әр күннің мазмұны наурызнама онкүндігіне сәйкес келтіріліп, оқушылардың мәдени, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа және отбасылық құндылықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған", — деді Мереке Аманкелдіқызы.

Министрлік оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда болатынын атап өтті. Осы мақсатта ата-аналармен бірлесіп, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

Осы бағыттағы әдістемелік ұсынымдар білім беру ұйымдарына таратылған.