ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Перизат Қайратты жеке парақшасынан
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сот материалдарына сәйкес, ұйым 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген. Құрылтайшылар қатарында 10 адам көрсетілгенімен, тергеу барысында жүргізілген сараптама 9 адамның қолын бір ғана адам – Қайрат Перизат қойғанын анықтады.
ҚР Азаматтық кодексінің 49-бабына сәйкес, егер заңды тұлғаны құру кезінде жойылмайтын заңбұзушылықтар орын алса, сот оны тарату туралы шешім шығара алады. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес, тіркеу кезінде қатысы жоқ тұлғалардың құрылтайшылар ретінде көрсетілуі ұйымды тарату үшін негіз бола алады.
Осыған байланысты сот «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.