ҚОҒАМ

Хасан Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленуші анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видео кадры

Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір жәбірленуші пайда болды. Бұл туралы алғашқы жәбірленуші Арман Әлімовтің адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау бойынша тергеу басталғаны хабарланған еді.

“Ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру әрекеттері Арман Әлімовке қатысты, ал бопсалау – басқа жәбірленушіге байланысты”, – деді адвокат Әлішер Әлішев. 

Осылайша, іс бойынша екі жәбірленушінің бар екені ресми түрде расталды.

Сондай-ақ, адвокаттың айтуынша, Қасымбаев қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылмаған.

"Тергеу аяқталуға жақын, енді іс материалдарымен танысу процесін күтеміз. Тергеу нәтижелері жақын арада белгілі болады", – деді Әлішер Әлішев.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі атала бастады.