САЯСАТ

Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған Шопанов бір күннен кейін қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов бір күннен кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Шопанов бұл қызметтен өз еркімен кеткен.

“Әсет Шопанов 3 наурызда әкімнің орынбасары болып тағайындалды. Алайда 4 наурызда өз қалауымен қызметінен кетті”, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілде айында Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, 15 тәулікке қамалған болатын. Сонымен қатар сот шешімімен ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61