ҚОҒАМ

Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды тонаған қылмыстық топ ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Freepik

Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлады Bugin.kz порталы.

Қаскөйлердің әрекет ету схемасы қарапайым, бірақ олар үшін өте тиімді болған: қыздар танысу сайттарында ер адамдардың назарын аударып, оларды жеке кездесуге шақырған. Кездесу барысында сыбайластары кенеттен шабуыл жасап, жәбірленушілердің ақшасы мен бағалы заттарын тартып алған.

Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында осындай алты қылмыс жасағанын мойындаған 26 күдікті ұсталды.

"Күдіктілердің барлығы қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Мұндай әрекеттер құрбандарға ғана емес, жалпы қоғамға үлкен қауіп төндіреді", – деді Исаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция танысу сайттарын өздерінің қылмыстық әрекетіне пайдаланатын қылмыстық топтардың көбейгенін ескертіп, интернет арқылы танысқан кезде сақ болуға шақырған еді.