ҚОҒАМ

Қазақстандық жас өнертапқыш шахмат үйренуге арналған ерекше тренажер жасап шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Қызылжар дарыны" орталығы

Аққайың ауданы У. М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебінің оқушысы, болашақ инженер Ерлан Құдайберген шахмат үйренуге арналған электронды тренажер құрастырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ерекше құрылғы шахмат ойынын жаңа бастағандарға арналған. Тренажердегі фигураны қозғалтқанда, арнайы шам жанып, оның жүріс бағытын көрсетеді. Сонымен қатар дыбыстық нұсқаулық арқылы әрбір фигураның жүріс ерекшелігі түсіндіріледі.

"Бұл құрылғыны жасауға Президентіміздің шахматты мектеп бағдарламасына енгізу туралы бастамасы түрткі болды. Тренажердің екі режимі бар: оқыту және ойын. Жобаға жетекшім Берік Аманжол көмектесті. Құрастыру жұмыстарына алты ай уақыт жұмсадық. Қажетті бөлшектерді сатып алып, бағдарламалық кодын жаздық. Ең күрделісі – осы бағдарламалау процесі болды", – дейді Ерлан.

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының мәліметінше, Ерлан өз жобасымен республикалық байқауға қатысып, "Информатика, робототехника, STEM және инженерия" секциясында жүлделі 2-орынға ие болды. Қазіргі таңда бұл тренажер мектеп оқушыларына шахматты үйренуге көмектесіп жатыр.