МӘДЕНИЕТ

Назым Қызайбай бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бокс федерациясы

2024 жылы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен қолғап түйістіріп, үш раунд қорытындысы бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай үшінші мәрте әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары да әлемдік біріншілікте топ жарған болатын.