БІЛІМ

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиешілер мен педагогтарға арналған “Ordagen Ustaz” компаниясы құрылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ordagen Ustaz

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандарды біріктіріп, олардың кәсіби дамуын қолдауға бағытталған “Ordagen Ustaz” компаниясы құрылды. Аталған компания балабақша тәрбиешілері мен педагогтардың біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуына және заманауи әдістемелерді меңгеруіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ordagen Ustaz компаниясының мақсаты қандай?

Компанияның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартып, тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету. Ordagen Ustaz аясында мамандарға арналған түрлі тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылып, оқыту құралдары мен сабақ жоспарлары ұсынылады. Сондай-ақ педагогтар кәсіби кеңес алу, өзекті мәселелерді талқылау және психологиялық қолдау мүмкіндігіне ие болады.

Компанияның негізін қалаушы Парасат Таненнің айтуынша, бұл жоба Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандардың кәсіби дамуына тың серпін бермек.

“Біздің басты мақсатымыз – тәрбиешілер мен педагогтардың жұмысын жеңілдету, олардың біліктілігін арттыру және мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту. Көптеген тәрбиешіге әдістемелік қолдау жетіспейді, ал бұл олардың жұмысына тікелей әсер етеді. Сол себепті Ordagen Ustaz арқылы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейміз”, – дейді Парасат Танен.

Ordagen Ustaz кімдерге арналған?

Жоба мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет ететін барлық маманға арналған. Атап айтқанда:

  • Балабақша тәрбиешілері, әдіскерлері мен меңгерушілері;
  • Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері;
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары.

Ordagen Ustaz компаниясының артықшылықтары: 

  • Кәсіби тренингтер мен семинарлар;
  • Оқыту-әдістемелік құралдар мен сабақ жоспарлары;
  • Педагогикалық мәселелер бойынша сарапшылар кеңесі;
  • Нетворкинг және тәжірибе алмасу алаңы;
  • Психологиялық қолдау.

Бұған дейін

Ordagen Ustaz компаниясы арқылы осы уақытқа дейін 3000-ға жуық педагог аттестацияға жарамды сертификат алды. Сонымен қатар 12.000-ға жуық тәрбиешіге арнайы жеңілдік аясында балалардың зейінін ұстап, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға көмектесетін қосымша әдістемелік кітапшалар мен чек-листер ұсынылды.

Білім беру саласының мамандары үшін жаңа мүмкіндік ұсынған бұл компанияның жұмысы алдағы уақытта кеңейіп, еліміздің әр өңіріндегі тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға үлес қоспақ.