ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik
Қарағанды облысында 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға мәжбүрлі түрде күйеуге беріп жіберген өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазігі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"15 наурыз күні полицияға арыз түсті, содан кейін қылмыстық іс дереу қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында қажетті сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде, олардың мақсаты – оқиғаның барлық мән-жайын анықтау. Жәбірленушіге психологтар көмек көрсетіп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Бұған дейін қоғам белсенділері 15 жастағы қызды өгей әкесі күштеп 38 жастағы ер адамға тұрмысқа бергенін мәлімдеген еді. Ақпаратқа сәйкес, бес күн бойы зорлық көрген қыз туған әкесіне қашып барып, полицияға арыз жазған.
Полиция департаменті оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның анықталып, жауап алынғанын хабарлады. Тергеу жалғасуда.