САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКоллаж Ulysmedia
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Күлбаева шахматтан өткен жарыста топ жарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы спорттық іс-шара ұйымдастырып, волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбыдан жарыстар өткізді. Оған сот әкімшілігінің, Әскери соттың, қалалық және аудандық соттардың қызметкерлері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңіске деген жігері мен спортқа деген ынтасы үшін бірқатар қатысушылар марапатталды.
Әйелдер арасындағы шахмат турнирінде:
I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Күлбаева;
II орын – Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева иеленді.
Бұған дейін:
2023 жылы 9 қарашада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс қаралған болатын. Сот экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, оны 24 жылға бас бостандығынан айырды.