ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik
Қазақстанда 2026 жылдан бастап белгіленген салмақ нормасынан асатын жүк көліктерінің жолға шығуына толық шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жаңа талаптарға сәйкес, мұндай көліктермен тасымалданған жүктерді қабылдауға да қатаң тыйым салынады.
Негізгі өзгерістер:
Артық салмақты жүк көліктерінің республикалық және қалалық жолдарда қозғалуына тыйым салынады.
Жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар салмақтық нормаларды сақтауға міндетті болады.
Ережені бұзған кәсіпорындарға айыппұл салынып, заң бұзушылық қайталанса, лицензиясы кері қайтарылады.
Барлық жүктің салмағы тиеу алдында өлшеніп, пломбаланып, арнайы сертификатпен расталуы тиіс.
Неліктен бұл өзгеріс енгізіледі?
Статистикаға сәйкес, жыл сайын Қазақстан жолдарында 25 мыңға жуық зақымдану оқиғасы тіркеледі. Оның 60%-дан астамы ауыр жүк көліктерінің әсерінен туындайды. Мұндай көліктер, жүксіз болса да, 12 тоннадан асатын салмағымен жолдардың тозуын тездетеді.
Министрлік бұл шараны жол инфрақұрылымын сақтау, жөндеу шығындарын азайту және жолдардың сапасын жақсарту мақсатында енгізіп отыр. Жаңа бақылау жүйесі ауыр салмақты көліктердің кесірінен болатын жол бұзылуларын азайтуға мүмкіндік береді.