БІЛІМ

Мұғалімдерді кәсіби емес жұмыстарға тартуға тыйым салынды – Аймағамбетов

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/aimagambetov

Қазақстанда “Педагог мәртебесі туралы” заң мұғалімдердің құқықтарын қорғауға және олардың жұмыс жүктемесін азайтуға бағытталған. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мұғалімдерге артық міндеттер жүктеуге тыйым салынды

Аймағамбетовтің айтуынша, заң аясында мұғалімдерді мәжбүрлі түрде газет-журналдарға жазылуға, көше сыпыруға немесе шексіз есеп беруге міндеттеу тоқтатылды. Егер бүгінде осындай заңбұзушылықтар орын алса, оған қоғам бірден қарсылық танытып, резонанс туғызатын деңгейге жетті.

Педагог мамандығының беделі артты

Бұрын түлектер педагогикалық мамандықтарды амалсыздан таңдайтын болса, қазір мұғалімдік – беделді әрі сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналды.

"Қазіргі таңда бұл мамандыққа ең үздік түлектер түсіп жатыр. Мысалы, педагогикаға қабылданатын талапкерлердің орташа балы 55-тен 100 баллға дейін көтерілді. Бұл – Президент жүргізіп отырған маңызды реформалардың бірі, әрі еліміздің болашағы үшін жасалған нақты қадам", — деп атап өтті Аймағамбетов.

Педагог мәртебесін арттыру білім сапасын жақсартып, мұғалімдерге лайықты жағдай жасауға мүмкіндік бермек.