БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: TezTap
Бүгін, 20 наурызда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында ойлылар ойыны – TezTap қазақша куизінің VI маусым финалы өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл – тек білім жарысы емес, қазақ тіліндегі зияткерлік контентті қолдайтын ерекше мәдени шара. Маусым бойы үздік нәтиже көрсеткен 15 команда финалдық бәсекеде кездеседі. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.
Сонымен қатар ұлттық ойындар мен тағамдар, сторис байқауы, ұлттық киімдегі үздік образға арнайы сыйлық та қарастырылған. Қатысушылар арасында жастар мен танымал спикерлер, интеллектуалды қауым өкілдері бар.
Бұл шара қазақтілді контенттің дамуына, интеллектуалды ойын мәдениетінің қалыптасуына үлес қосады деп сенеміз. Айтулы күн қарсаңында өтетін ерекше кешке ақпараттық қолдау білдірсеңіздер!
Күні: 20 наурыз, 19:30
Өтетін орны: Черника, Панфилов 92
Байланысу үшін: 7 775 098 44 28