ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: видео скрин
Әлеуметтік желіде егде жастағы ер адамның қарт әйелді күштеп жаттығу жасатып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Алматының Әуезов ауданындағы “Әділет” тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Кейінірек егде жастағы әйелдің инсульт алғаны анықталды. Видео авторының айтуынша, бұл оқиға бірінші рет емес, ер адам зейнеткерге күн сайын осылай күш көрсетіп, жаттығу жасауға мәжбүрлейді.
“Адам өз еркімен істегісі келмесе, неге қинайды?” – дейді видео авторы.
Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
“102” пультіне бұл жайт бойынша ешқандай шағым немесе хабарлама түспеген. Алайда Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жұмыстарын бастап, оқиғаға қатысушылар мен мән-жайды анықтауда. Заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады,” – деп мәлімдеді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.