Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: ҚР ТЖМ
«ҚазАвтоЖол» мекемесі көктемгі қар еріп, су тасқынына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақтөбе облысы
– «Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымында, яғни Қандыағаш пен Ембі қалаларының арасындағы учаскеде қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Қостанай облысы
– Қазақстан мен Ресей шекарасы маңындағы бейтарап аумақта, Мариновка ауылына жақын жол бөлігі жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
– «Петропавл қаласының айналма жолының» 4-7 шақырымында, Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Тиісті органдар жолдардың жағдайын бақылауда ұстап отыр, қозғалысты қайта қалпына келтіру мәселесі табиғи жағдайларға байланысты шешілетін болады.