САЯСАТ

"Алматы Су" департаментінің директоры сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Антикор

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелері мен сумен жабдықтау жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатын аудару желеуімен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды.

Алғашқы сот шешімі бойынша Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға тыйым салынып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда, прокурордың наразылығынан кейін іс қайта қаралып, Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші инстанциядағы сот үкімін өзгертіп, шартты жаза нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Жолдыбаев сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.