ТӘРБИЕ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: видеодан скрин
Павлодарда мектеп оқушысы құрдасын аяусыз соққыға жықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Молодой Кабылтаев телеграм арнасы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
“Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжалға қатысқан оқушылардың жеке басы анықталған. Күдікті Павлодардағы №16 мектептің оқушысы болып шықты. 2025 жылдың 25 наурызында аталған факт бойынша материал тіркеліп, бұзақылық жасаған оқушының заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі (“Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау”) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, — дейді дереккөз.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қақтығыс жеке өшпенділіктің салдарынан басталған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылардың бірі екіншісі туралы жағымсыз пікір білдірген, бұл туралы білген қарсы тарап оны кездесуге шақырып, бірден күш қолданған. Кейіннен шабуылдаушы жәбірленушіден ақша талап еткені белгілі болды, талап етілген сома 20 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ желіде тараған скриншоттардан күдікті оқушының басқа адамдардан да ақша бопсалағаны көрінеді.
Шабуыл жасаған оқушы қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегендіктен, оның іс-әрекеті Павлодар қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясында қаралуда. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, комиссия мүшелері оны ШҚО, Серебрянск қаласындағы “Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа” жіберу мәселесін қарастырып жатыр.
Сонымен қатар жасөспірімдер оқитын жалпы білім беретін мектептің әкімшілігіне құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту жөнінде ұсыныс жолданды.