САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: news.gazeta.kz
Қазақстан мен АҚШ арасында Алматыда Американың консулдық мекемесін салу үшін жер телімін жалға беру туралы келісім жасалды. Мәжіліс депутаттары бұл құжатты ратификациялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, бұл тапсырма 2019 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясының қорытындысы бойынша берілген. Осыған сәйкес, АҚШ үкіметіне Алматыда консулдық салу үшін жер бөлу туралы келісімге 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, АҚШ Алматының Жамақаев көшесі мен әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары және Алдар Көсе көшесінің арасындағы 7,05 гектар жерді (70 593 шаршы метр) 49 жылға жалға алады.
АҚШ тарапы келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде 25 301 016 АҚШ долларын біржолғы төлем ретінде төлейді.
Рахметуллиннің айтуынша, бұл келісім Қазақстанның саяси және практикалық мүдделеріне сай келеді.