САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: ҚР ҰҚК
Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жыл басынан бері 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәріні тәркіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҰҚК мәліметінше, қарудың басым бөлігі 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған. Жалпы, 2022 жылдан бері комитет осындай дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қаруды анықтап, тәркіледі.
Сонымен қатар Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде. Арнайы операция барысында ҰҚК көрші елден қару контрабандасын ұйымдастыруға әрекеттенген арнаның жолын кесіп, ел аумағында 11 қаруды сатпақ болған шетел азаматын ұстады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қару-жарақ көліктің қаптамасына жасырылып, Қазақстан азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген. ҰҚК қару-жарақтың заңсыз айналымына қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.