САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: ҰҚК
Елордада көзге көп түсе бермейтін кең әрі сәнді үй қайта саудаға қойылды. Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Деректерге сүйенсек, бұл нысан Кәрім Мәсімовке тиесілі болуы мүмкін.
28 наурызда “Қайтарылған активтерді басқару компаниясы” ЖШС ұйымдастырған E-Qazyna платформасында аукцион өтті. Жылжымайтын мүлік бағаны көтеру әдісімен саудаланды. Саудаға келесі нысандар шығарылды:
Астана қаласындағы жертөлесі бар тұрғын үй:
• Орналасқан жері: Нұра ауданы, Қараөткел ықшам ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат.
• Бастапқы бағасы: 1 883 338 958 теңге.
Алматы қаласындағы коммерциялық нысан:
• Орналасқан жері: Бостандық ауданы, Көктем-2 ықшам ауданы, 22-үй.
• Бастапқы бағасы: 4 377 184 000 теңге.
Саудаға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарна енгізу қажет болды. Онлайн форматтағы аукцион кез келген жерде отырып, ұсыныс жасауға мүмкіндік берді.