ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: ашық дереккөз
Жамбыл облысында магнитудасы 5,0 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 15:56-да, Меркі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде болған.
Әлеуметтік желіде Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезгенін жазуда.
Айта кетейік, бүгін түнде де Жамбыл облысының бірнеше ауданында, соның ішінде Тараз қаласында жерасты дүмпулері тіркелген еді.
Жер сілкінісінің ең жоғары күші – 5 балл, Меркі ауылында сезілді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында – 4 балл, ал Тараз, Шу қалаларында, Қордай және Мойынқұм аудандарында – 2 баллдық дүмпулер байқалды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды. Оған азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті ведомстволардың өкілдері кірді. Штабқа облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек төрағалық етуде.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.