МӘДЕНИЕТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik
Қазақстанда жеті футбол клубы жекеменшікке берілуі мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, олардың қатарында “Астана”, “Атырау”, “Ордабасы”, “Тұран”, КГП “Шахтер”, “Каспий” және АҚ “Шахтер” клубтары бар.
“Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайда олардың коммерциялануы мен облыстық бюджеттерге тәуелсіз, өздігінен қаржылануының маңыздылығын атап өткен ұстанымына сәйкес келеді”, — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футболды дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын.
“Футболды дамытуға басымдық беруіміз керек. Демеушілердің қаржысы есебінен облыстық стадиондарды жаңғыртып, қажет болған жағдайда жаңаларын салу қажет. Әрбір облыс, аудан орталығы, ауыл мен кентте балаларға арналған футбол алаңы болуы тиіс. Бұл – алдағы екі жыл ішінде шешілуі тиіс міндет. Оның орындалуын қатаң бақылауда ұстаймыз,” – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент футболды жаппай дамыту арқылы қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға болатынын айтты.
“Салаға жауапты министрлік, Футбол федерациясы, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер клубтық футболды коммерцияландыруға нақты кірісуі керек. Шетелдік тәжірибені ескеріп, клубтар өз табысын табуы тиіс”, – деді Тоқаев.
Президент спорттың, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дамуының маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты.
“Мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бизнес өкілдері өскелең ұрпақты спортқа баулу ісіне белсенді атсалысуы қажет”, – деді Тоқаев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61