БІЛІМ

ҚазҰУ-да республикалық “Жас тілшілер” форумы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚазҰУ

28 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті мен республикалық «Ұлан» газеті бірлесе ұйымдастырған дәстүрлі L «Жас тілшілер»форумы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Байқаудың мақсаты: жас тілшілердің шығармашылық ізденістерін арттыруға, тың ойларын жүзеге асыруға ықпал ету. Дәстүрлі форумның жарты ғасырға жуық тарихында жеңімпаз атанған жас тілшілер бүгінде майталман мамандар қатарынан бой түзеді. Сондықтан форум арқылы жас дарындардың шығармашылығын көпшілікке кеңінен насихаттауға жол ашу басты міндетіміз. Форумның ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайға және филология ғылымдарының докторы, профессор, оқытушы Кәкен Қамзин сөз сөйледі.

Фото: ҚазҰУ

Фото: ҚазҰУ

Сонымен қатар жас өрендерге медиа маман, журналист Әміре Жәнібек «Қазіргі медиаэтика: Нені ескеру қажет?», Бауыржанқызы Аяжан «Журналистикадағы жаңа трендтер»аясында арнайы дәріс оқыды. Аталмыш іс-шараға Журналистика факультетінің оқытушылары, студенттері, балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетінің жас тілшілері атсалысты. Журналистика мамандығының студенті Түктібай Мөлдір, Кино және медиа мамандығының студенті Қадіржұма Аружан және Медиакоммуникация мамандығының студенті Ернатқызы Аяулым мамандықтарының ерекшелігін айшықтап, оқуға құжат тапсыру, шығармашылық емтихан жайлы слайд қорғады. Белсенді студенттердің бірі Ерболат Дамир авторлық «Шынымен ұнайды» әнін шырқап, Тлеміс Саят «Нәшәр журнәлістің кеңесі» атты кітабын таныстырды.   

Байқауға қатысушылар «Үздік мақала», «Үздік видео-сұхбат», «Үздік аудио-подкаст» номинациялары бойынша марапатталды. 

«Үздік мақала» номинациясының 1-орын иегерлері:Балмекен Қапалбай, Коптлеуова  Гульшат, Максут Ұлданай, Абдулла Гауһар.

Фото: ҚазҰУ

Фото: ҚазҰУ

«Үздік видео-сұхбат» номинациясының 1-орын иегерлері: Нурай Марат, Турдакын Амина.

«Үздік аудио-подкаст» номинациясының 1-орын иегерлері: Дүйсенхан  Талшын, Талғат Амина. 

Ал Бас жүлде «Ең үздік жас тілші-2025» марапатын Ердембекова Дильназ еншіледі. Жылдағы дәстүр бойынша әр буын келесі буынға «Ең үздік жас тілші» марапатын табыстайды. Бұл жүлдені биыл Журналистика факультетінің 1-курс студенті, «Ең үздік жас тілші-2024» иегері Диана Агзамова келе алмағандықтан, бұл міндетті Журналистика факультетінің 2-курс студенті, «Ең үздік жас тілші-2023» атанған Алчинова Нұрбибі Айтбайқызы орындады. 
Фото: ҚазҰУ

Байқау жеңімпаздарына ҚазҰУ төсбелгісі, статуэтка, естелік бөтелке мен кітаптар тарту етілді. Айта кетейік, жазушы Ырысбек Дәбей мен Қанат Әбілқайыр жас тілішілерге авторлық кітаптарын сыйлап, демеушілер қатарында болды. Бұдан бөлек форумның демеушілері Журналистика факультетінде оқытушысы Назым Тенельбаева, Spacenglish орталығының директоры Айбек Шегебай, BAQ media шығармашылық орталығының негізін қалаушы, журналист Ербол Медетбекұлы. Демеушілертопжарған үздік қатысушыларға ағылшын тілі курсына және шығармашылық емтиханға дайындық курсына тегін сертификаттар сыйлады. Шара соңында Әділқазылар алқасы ҚазҰУ оқытушылар құрамы Берікбол Төлеген, Башанова Құралай, Қастай Дастан қорытынды сөз айтты. Башанова Құралай «Үздік мақала» номинациясының 1-орын иегері Коптлеуова  Гульшатқа жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Қарғын» кітабын тарту етті. 
Фото: ҚазҰУ

Қара шаңырақтың табалдырығын аттаған мектеп оқушылары мен талапкерлердің бал-бұл жайнаған жанарына қарап-ақ бұл форумда жеңімпаз атану олар үшін қаншалық маңызды болғанын түсінуге болады.  

Алчинова Нұрбибі, Журналистика факулттетінің 2-курс студенті