Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сән-салтанат салығының орнына неліктен жаңа алымның енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Серік Жұманғарин алдымен сән-салтанаттың не екенін нақты айқындау керегін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа алым қымбат мүлік иелеріне ғана қатысты болмақ.
“Егер сіздің жылжымайтын мүлкіңіздің жалпы құны 450 млн теңгеден асса, онда базалық мөлшерлеме жылына шамамен 3 млн теңге болады. Бұған қоса, артық сомаға 2% қосылады. Сонымен қатар егер көлігіңіздің құны 75 млн теңгеден жоғары болса, сондай-ақ элиталы алкоголь мен қымбат сигараға да жоғары салық салынады. Егер бұл сән-салтанат болмаса, онда не?” – деді ол.
Жаңа алым кімдерге әсер етеді?
Вице-премьер сән-салтанаттың нақты түсінігі болмаған жағдайда кейбір адамдар әділетсіз салықтың құрбаны болуы мүмкін екенін атап өтті.
“Әрине, мен асыра сілтеп айттым. Бірақ сән-салтанатты анықтаудың нақты критерийлері болмаса, кейбір адамдарға негізсіз салық салынуы мүмкін”, – деп түсіндірді Жұманғарин.