ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото : Myanmar Fire Services Department
Mьянмадағы 7,7 магнитудалы жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 2000 адамнан асты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Euronews мәліметінше, 4000-ға жуық адам жарақат алып, жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.
Зілзаланың эпицентрі азаматтық соғыс пен гуманитарлық дағдарыс өршіп тұрған Мандалай аймағының маңында орналасқан. Жойқын дүмпуден көптеген ғимарат қирап, жолдар мен ауруханалар бүлінген.
Еске салайық, бұған дейін жер асты дүмпуінен Бангкокта жаңадан салынып жатқан ғимарат құлағаны туралы жазған едік.
CNN жер сілкінісінің әсері Таиланд астанасы Бангкокта, сондай-ақ Мьянмамен шекаралас Қытайдың Юньнань провинциясында сезілгені туралы мәлімдеді.