Спорт
Ұлттық құрама Оңтүстік Корея хоккейшілерін тізе бүктірді
Еліміздің елордасында өтіп жатқан Шайбалы хоккейден І дивизиондағы командалар арасындағы Әлем біріншілігінің ойындары кеше жалғасын тапты. Қазақстан құрамасы үшінші тур ойынында Оңтүстік Корея құрамасын 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Ойынның төртінші минутында Павел Акользин ұлттық құраманы алға шығарса, он жетінші минутта Леонид Метальников есепті еселеді. Екінші периодта, Дмитрий Шевченко есепті 3:0 ге жеткізді. Ойынның 51 минутында Сан Ву Син есеп айырмасын қысқартса да, 53 минутында Никита Клещенко есепті 4:1 ге жеткізіп, нүкте қойды.
4 мамыр күні ұлттық құрама Беларусь Республикасының құрамасымен элиталық раундқа шығу үшін ойнайтын болады.