ҚОҒАМ

Қызылордада 16 жастағы қызды секс-құлдықта ұстаған күдіктілерге сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коллаж: Ulysmedia.kz

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған 9 күдіктіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Олардың қатарында кәмелетке толмағандар да бар.

Сот отырыстары жабық режимде өтті. Айыпталушылар 4 жыл 8 айдан 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің:

194-бабы (Ірі мөлшерде мүлікті алу мақсатында бопсалау),

110-бабы (Кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау),

134-бабы (Кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту) бойынша қарады.

Сотталушылардың кінәсі оқиға орнын тексеру хаттамалары, заттар мен құжаттар, бейнежазбалар, WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар, банк шоттарынан алынған үзінді көшірмелер, сараптама қорытындылары, сондай-ақ жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденді.

"Кәмелетке толмағандар М.Н., А.Ж., Қ.Д. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Б.А., Т.Ұ. және Қ.А. 4 жыл 8 айға сотталды.

Т.А., Б.А. және Т.Д. қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", – деп мәлімдеді сот әкімшісі Даурен Таиров.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.