МӘДЕНИЕТ

Қожа рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әсет Ақмолда инстаграм парақшасынан

“Менің атым Қожа” фильмінде Қожа рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев ауыр дертке шалдықты. Оған созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші сатысы диагнозы қойылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналист Жанар Канафиның сөзінше, дәрігерлер актердің небәрі алты ай уақыты қалғанын жеткізген. 

“Қазір 75 жастағы Нұрлан аға тыныс алу аппаратын күн сайын 14 сағат пайдалануға мәжбүр. Соның салдарынан жұмыс та  істей алмай отыр. Бұған дейін ол жоғары оқу орындарының бірінде журналистика пәнінен дәріс берген”, — деп жазды журналист. 

Қазір ол ем-дом мен өзіне тиесілі шаруаларын аяқтау үшін қаржылай көмекке мұқтаж.

“Алайда дертіне қарамастан, Нұрлан Санжарұлы өмірден үмітін үзген жоқ. Ол жуырда сұхбат беріп, Нұрғиса Тілендиев жайлы естеліктері туралы айтты. Ескі гвардия ешқашан ұятқа қалдырмайды”, – деп қосты  Канафина.