МӘДЕНИЕТ

Димаш Құдайберген мүмкіндігі шектеулі азаматтың бір арманын орындады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видео кадры

Белгілі өнер иесі Димаш Құдайберген Ақтауда 23 жастағы мүмкіндігі шектеулі жігіттің арманына қанат бітірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жас жанкүйердің ең үлкен тілегі – сүйікті әншісімен жүздесу болған. 

"Бұл – менің өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі. Димашты сахнадан емес, бетпе-бет көру – ғажап сезім. Арманым орындалды. Өмірімдегі ұмытылмас күн болды", – дейді Ерболат.

Бұған дейін, гала концертте Димаштың әндерін жан-тәнімен сезініп, қосылып шырқаған мүмкіндігі шектеулі азаматтың бейнежазбасы тараған еді. Соны көрген әнші жанкүйерімен арнайы кездесу ұйымдастырды. 

"Сенің видеоңды бүгін қаладан шығар алдында көріп қалдым. Ағаларымызға көп рахмет, өтінішімді жерге тастамай, бауырымды тауып беріп, ұшар алдында кездесу ұйымдастырды. Маған тілеулес болып жүргеніңе алғыс", – деп әнші естелікке өзінің білезігін сыйға тартты.