ҚОҒАМ

Таразда аурухана қызметкерлері бір миллиардқа жуық қаражатты қалталарына басқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Тараз қалалық №2 сотында көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бас есепшісі алаяқтық жасағаны үшін бірнеше жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Тергеу материалдарына сәйкес, аталған қызметкерлер медициналық мекеменің бюджет қаражатын — 758 миллион теңгеден астам соманы — өз пайдаларына заңсыз иемденген.

Бас дәрігердің орынбасары бұл қаражаттың бір бөлігін заңдастырып, нәтижесінде 4,4 миллион теңге табыс тапқан. Сот оның әрекетін ауыр қылмыс деп бағалап, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, оған 10 жыл бойы мемлекеттік және жетекші лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Аурухананың бас есепшісі де 6 жылға сотталды. Оның да мүлкі тәркіленіп, дәл сондай мерзімге лауазымды қызметтерге орналасу құқығынан айырылды.

Бұл жағдай — соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында тіркелген жемқорлық деректерінің бірі ғана. Бұған дейін Атырау, Алматы және Астана қалаларында да медицина саласындағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің бюджет қаражатын талан-таражға салғаны анықталған болатын.