ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: krispa.tdk
Талдықорған маңындағы Өтенай ауылында 15 жастағы жасөспірім 86 жастағы қарияға көшенің қақ ортасында шабуыл жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім 8-сыныпта оқитын қызға тиісіп жатқан. Осы кезде қыздың жасы үлкен туысы оған араша түскен. Бірақ бұл әрекет бозбаланың ашуына тиіп, ол қарияны аяусыз ұрып тастаған. Салдарынан 86 жастағы зейнеткер түрлі дене жарақатын алған.
Жәбірленушінің туыстары полицияға шағымды бір күн бұрын жазғанымен, олар әлі күнге дейін жауап алуға шақырылмаған. Сонымен қатар сот-медициналық сараптамасы да тағайындалмаған.