САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik
Алматы қаласы әкімінің орынбасары заңсыз кәсіпкерлік тексерулері үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Алматы қаласы әкімінің орынбасары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапқа тартылды (100 МРП мөлшерінде айыппұл салынды)”, – деп хабарлайды Бас прокуратура.
Сонымен қатар Түрксіб аудандық прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің кәсіпкерлерге заңсыз тексерулер жүргізу әрекеттерін тоқтатқанын атап өтті.
“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау мақсатында әкім орынбасарының тапсырмасымен жүргізілген мониторинг барысында аудандық әкімдіктер өз құзыретінен тыс әрекет етіп, кәсіпкерлерден тауарларға қатысты құжаттарды (сопроводительные накладные) заңсыз талап еткен. Бұл әрекеттер заңға қайшы, себебі тексерушілерде кәсіпкерлерден құжат талап етуге заңды негіз болмаған. Тексерулерді жүргізу тәртібінің бұзылуына байланысты аудан әкімдіктерінің алты қызметкері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 175-бабы бойынша жауапқа тартылды, әрқайсысына 500 МРП мөлшерінде айыппұл салынды”, – деп толықтырды бас прокуратура.
Қазіргі уақытта барлық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленген.