ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Ақмола облысы Целиноград ауданыда түрмеден мерзімінен бұрын шыққандарға қатысты жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Енді олар полицияның талап етуіне байлаынсты әр үш сағат сайын жүрген жерін суретке түсіріп, оны "IT-control" мобильді қосымшасына жүктеп отыруға міндеттеледі.
Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, Целиноград ауданының әкімдігі прокуратураның ұсынысы бойынша "IT-control" мобильді қосымшасына ақша бөлген.
"Осы қосымшаның арқасында пробацияның есебінде тұрған адамдардың жүріс-тұрысын онлайн режимде бақылап отыруға болады. Мәселен, егер құқық қорғау органдары талап етсе, мұндай тұлғалар әр үш сағат сайын олардың тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін сурет жүктеуге міндетті болады. Егер күдікті дүние болса, полиция мен пробация қызметі бірден ден қойып, адамның жазасын ауыстыра алады", - деп хабарлайды прокуратура.
Облыстың прокуратурасы бұл қосымша пробация тізіміндегі адамдар арасында құқық бұзу фактілерін едәуір азайтады дегенге үмітті.