САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: parlam.kz
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев жеке табыс салығын көтеру бастамасын көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, әлеуметтік әділдік пен табысты әділ бөлу үшін прогрессивті салық жүйесін енгізу қажет.
“Мен табысы жоғары адамдардың мемлекеттік бюджетке қосатын үлесі де үлкен болуы керек деп есептеймін. Бұл – әлеуметтік әділдіктің негізгі қағидаларының бірі. Сондықтан жоғары табыс – жоғары салық болуы тиіс”, – деді депутат.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет жеке тұлғалардың табысына қатысты прогрессивті салық шкаласын енгізу мәселесін талқылаған. Алайда бұл бастама заң жобасына енбей қалған.
Депутат қандай мөлшерді ұсынады?
Қырықбаевтың пікірінше, 3 млн теңгеден жоғары табысқа 10%-дан артық мөлшерлеме белгілеу керек. Сонымен қатар ол банк секторы мен ойын бизнесіне қатысты корпоративтік табыс салығын 20%-дан 30%-ға дейін көтеру туралы ұсыныс енгізген. Алайда бұл бастама әзірге Үкімет тарапынан қолдау тапқан жоқ.
Министр Жұманғарин депутатқа қарсы пікір білдірді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин аталған ұсыныспен келіспейтінін мәлімдеді.
“Бізде айына 3 млн теңгеге дейін табысқа 10% салық қарастырылған. Ал банктерге келсек: нақты секторға қаржы салатындарына – 20%, ал тұтынушылық кредит берушілерге – 25% мөлшерлеме қолданылады. Бұдан әрі көтеру көлеңкелі экономиканың өсуіне алып келуі мүмкін”, – деді ол.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда банктер – ең көп салық төлейтін үш ірі субъектінің бірі. Сондықтан бұл салаға ауыр салық салу кері әсер беруі ықтимал.