ҚОҒАМ

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Болаттың соты өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін сағат 12:00-де Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот бөлімінде атышулы қылмыстық іске қатысты ашық сот процесі басталады. Бұл туралы сот органдары мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сот залының шағын болуына байланысты, 50-ге жуық журналист сотқа қатысу үшін арнайы сұраныс жолдаған. Осыған орай, отырысты онлайн форматта көруге мүмкіндік ұсынылады.

Жантүршігерлік оқиға Талғар қаласында орын алғанымен, алғашқы сот процесі Жетісу облысында ұйымдастырылмақ. Жоғарғы сот өкілдерінің түсіндіруінше, оған басты себеп – айыпталып отырған 9 адамның Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында уақытша қамауда болуы.

Алайда құқық қорғаушы Мейірман Шекеевтің айтуынша, БАҚ өкілдеріне сот процесі ашық болғанымен, атышулы Қуандық Бишімбаев ісіндегі секілді тікелей онлайн трансляция жүргізілмейді. Бұл – қоғамда үлкен резонанс туындауы мүмкін деген себеппен, сондай-ақ жәбірленуші тараптың құқығын сақтау мақсатында қабылданған шешім.

Сот ісін Алматы облыстық соты қарайды. Келесі кезеңде отырыстар Қаскелеңде өтуі мүмкін. Ал бүгінгі отырыс – істің алдын ала тыңдалымы ретінде өткізіледі.

Марқұм Шерзат Болаттың отбасын сотта алты адвокаттан тұратын қорғаушылар тобы қорғайды. Оларға құқық қорғаушы Мейірман Шекеев жетекшілік етеді. Қорғаушылар құрамында Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ібраев, Бақдат Амандосұлы мен Бекзат Мязов бар.