ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: видео кадры
Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атбасар ауданының Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты сот үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аталған қызметкерлер Атбасардағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға заңсыз қысым көрсетіп, азаптау әдістерін қолданды деген айыппен (ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы, 3-бөлімі, 1-тармағы – «Азаптау») сотталған болатын.
Алайда сот алқасының қаулысында:
"Алқабилер алқасының шешімі бойынша, ҚАЖК қызметкерлері кінәсіз деп танылып, олардың әрекетінде қылмыстық құрам болмағаны үшін ақталды", – делінген.
Бірінші сатыдағы сот барысында бірқатар процестік заңбұзушылықтар орын алғаны анықталды. Атап айтқанда:
Алқабилердің қатысуымен талқылауға жатпайтын мәселелер зерттелген. Бұл олардың жәбірленушілер туралы қалыптасқан пікіріне әсер етуі мүмкін;
Кейбір жәбірленушілерге сот жарыссөзінде сөз сөйлеу мүмкіндігі берілмеген.
Осы негіздер үкімнің күшін жоюға себеп болды.