САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com 
            Фото: freepik
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары “Астрахан-Маңғышлақ” су құбырын қайта жаңарту жобасына бөлінген қаржыдан 6,4 млрд теңге көлемінде қаражат жымқыру фактісінанықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тергеу барысында “КазТрансОйл” АҚ-ның еншілес ұйымы – “Магистральдық Суағызғысы” компаниясының бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер мекеме мен жобалаушы ұйым өкілдері күдікті ретінде танылған.
Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданбақ. Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген шығынның орнын толтыру мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі күдіктілердің мүлкіне сот шешімімен тыйым салынған.