Weekend

Қазақ баласы Украинадағы халықаралық ән байқауында 1-орын алды

Жүлде құтты болсын!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Жас Еуропа" халықаралық ән байқауында алматылық Темірлан Өсімқұл жүлделі бірінші орынды иеленді. 12 жастағы жерлесіміз халық әні "Дайдидауды" орындап, қазылар алқасын таңдай қақтырды.

Дәстүрлі конкурс биыл 12-рет Киев қаласында ұйымдастырылды. Оған әлемнің 9 елінен 80 жуық өнерпаз қатысқан. "Жас Еуропа" халықаралық ән байқауы биыл "авторлық", "ұлттық", "әлемдік хит", "халық әні" және "академиялық вокал" деп аталған бес аталым бойынша өтті.

Қазақстандық Темірлан Өсімқұл "халық әні" аталымы бойынша үздік шықты.

"Шығар алдында қобалжу болды. Бірақ одан кейін бәрі өтті, әнімді жақсы айттым. Көңіл-күйім керемет. Мұндай конкурстарға қатысқанмынн, бірақ шетелге бірінші рет шығып тұрмын. Мен бүгін халық әні "Дайдидауды" айттым", - дейді байқаудың жеңімпазы Темірлан Өсімқұл.

m.sputniknews.kz