САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: sayasat.kz
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейін оның қызметтік міндеттері уақытша басқа тұлғаға жүктелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Руслан Берденов құрылыс, сәулет, жер қатынастары және қала құрылысы салаларына жетекшілік еткен. Алайда, оған жасалған шабуылдан кейін бұл қызметтік бағыттар Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловқа өтті.
Қуаныш Асылов 2023 жылдың қаңтарында осы лауазымға тағайындалып, бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған.
Еске сала кетсек, Руслан Берденовке жақында қарулы шабуыл жасалып, оған үш рет оқ атылған еді. Оқиға салдарынан шенеунік ауыр жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын және ота сәтті өткенін хабарлады.