МӘДЕНИЕТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Vobaart
TikTok #Наурыз2025 дәстүрлі түрде өтетін мерекелік онлайн-фестивальдің қорытындысын шығарды. Бұл шара осымен биыл үшінші рет өтіп отыр. Платформаның қолданушылары бұл бастаманы зор құлшыныспен қолдады: жоба өткен екі аптаның ішінде қазақстандықтар Наурыз мерекесіне қалай дайындалып, қалай атап өтетіні туралы 25 мыңнан астам видео жариялаған. Фестиваль өткізіліп келе жатқан үш жыл ішінде қолданушылар Наурыз мерекесі туралы жалпы саны 180 мыңға жуық видео түсіріпті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қысқа видеолар жасауға арналған TikTok бірегей платформасы бірнеше жылдан бері Қазақстанның бай мәдени мұрасын қолдауға және насихаттауға бағытталған түрлі бастамаларды жүзеге асырып, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүр көркемдігін бүкіл әлемге паш етуіне мүмкіндік беріп келеді. Осындай бастамалардың бірі, TikTok-та үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан – Наурыз мерекесіне арналған онлайн-фестиваль. Платформаның Қазақстандағы мыңдаған қолданушылары көктемнің ең жарқын мерекесін жұмыла атап өтті.
#Наурыз2025 TikTok-та
Биылғы онлайн-фестивалді TikTok қолданушылары қызу қолдады: небәрі екі апта ішінде олар #Наурыз2025 хэштегімен 25 мыңнан астам видео жариялады. Платформа қолданушылары Наурыз мерекесі туралы жан-жақты баяндады: мерекедегі дәстүрлер мен оның шығу тарихы, ұлттық тағамдар әзірлеу әдісін бөлісіп, ән әуелеп, би шалықтаған мерекелік шаралардан репортаж түсіріп - төл мәдениеттің көркем бейнесін айшықтай түсті.
Ресми серіктестерден бөлек, жобаны TikTok-тағы танымал креатрлар онтент да қолдады. Дарынды домбырашы Жақсы @zhakso_ "Қамажай" әнін ерекше өңдеп орындады, ал @ult_kazynasy білім беру жобасына қатысушылар Наурыз мерекесіне қатысты қызықты деректерді бөлісті. Аспаздық контент жасайтын креатор Сания @saniya_sagiimbaeva керемет безендірілген ұлттық тағамдар әзірлесе, саяхатшы креатор Асет @travelove100 қолданушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар TikTok алғаш рет елдің ірі қалалары: Астана, Алматы және Шымкенттегі мерекелік іс-шаралар өткен алаңдарда арнайы интерактив орындар әзірледі. Бұл орындар осы қалалардағы мыңдаған тұрғындары мен қонақтардың көзайымына айналды.
Мерекелік дастархан
Тамақ - фестивальдің басты тақырыптарының бірі болды. Қолданушылар қонақтарға жайылған дастарханды көрсетіп, наурыз-көже, қуырдақ және түрлі тәттілердің дайындалу жолын көрсетті. Нағыз аспаздар сайысына қатысып, Қазақстандағы түрлі аспаздық мәдениетті қалай ұштастыруға болатыны туралы әзілдесті. Сондай-ақ ұлттық тағам ұсынатын мекемелерге шолу жасап, әралуан тконтент ұсынды.
Ұлттық музыка және би
Мереке кезінде TikTok-та ұлттық әуендер әуеледі. Домбыра трендке айналды: домбырада шебер ойнайтын қолданушылар өнерін паш етіп, дәстүрлі және заманауи туындыларға кавер тартты. Сондай-ақ ұлттық киім киіп, би билеу де TikTok лентасын жаулады. Әсіресе Сая Махамбеттің "Қазағымсың" әніне билеу – жеке трендке айналды. Қолданушылар бұл әнге үйде, достарымен, отбасымен бірге билеп, тіпті әнді скрипкамен де сүйемелдеп көрді.