ҚОҒАМ

Картоп қымбаттап жатыр: Министрлік бағаны ұстап тұруға уәде берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Baq.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасын тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар жайлы айтып берді. Оның айтуынша, биыл картоп алқаптары көбейіп, өнім көлемі артпақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Біз картопты ұйымдасқан шаруашылықтарда өсіруді жоспарлап отырмыз. Мұндай шаруашылықтардағы егіс көлемі қосымша 9 мың гектарға ұлғаяды. Сондықтан картоп тапшылығы немесе бағаның шарықтау қаупі болмайды деп ойлаймын", — деді министр Үкімет кулуарында өткен брифингте.

Ал ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов күзде жиналатын өнім бағаларға оң әсер етеді деп сендірді.

"Мәселен, өткен жылы картоптың орташа бағасы 100 теңге болса, биыл 120-130 теңгеден басталды. Алайда нарық заңын ескеру керек. Соған қарамастан, әлеуметтік осал топтар үшін қолжетімді баға деңгейін сақтаймыз. Оның үстіне, бізде тұрақтандыру қорлары бар. Осы тетіктер арқылы бағаны бақылауда ұстаймыз", — деді Сұлтанов.