САЯСАТ

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасының жылдық есебін тыңдады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды.

Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, "Банктер және банк қызметі туралы" жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.