БІЛІМ

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

7–13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. Елден барған қатысушылардың барлығы жүлделі оралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылардың арасынан Шығыс Қазақстан облысы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, ең үздік қатысушы атанды.

"Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді. Алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды. Олар 1 алтын, 5 күміс медаль иеленді", - делінген хабарламада.

Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.