БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Pixabay.com
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізу күні өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді", - деп жазылған хабарламада.
23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.
24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
Тестілеудің жаңа датасы туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар SMS-хабарлама жолданады.