ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Baq.kz
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нәтижесінде, шекті сауда үстемесін арттырған 67 заң бұзушылық фактісі тіркелді.
"Әкімшілік жауапкершілікке тартылған сауда субъектілерінің ішінде 40 субъектіге ескерту беріліп, 27 субъектіге жалпы сомасы 1 024 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде 16 субъектіге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бойынша шекті сауда үстемесін арттырғаны үшін 167 000 теңге және 4 субъектіге баға белгілерін рәсімдеу тәртібін бұзғаны үшін 857 000 теңге айыппұл салынған", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, департамент тарапынан 15 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, сауда нысандарына барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралардың нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтарды жою туралы міндетті нұсқамалар берілді.
Қабылданған шаралар өңірдегі бөлшек сауда бағасына оң әсерін тигізіп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік түрлерінің арзандауына себеп болды:
1 сұрыпты ұн — 205 теңгеден 184 теңгеге дейін (-11,4%),
Күнбағыс майы — 1000 теңгеден 822 теңгеге дейін (-21,6%),
Күріш — 600 теңгеден 570 теңгеге дейін (-5%),
Макарон өнімдері — 490 теңгеден 350 теңгеге дейін (-40%),
Қарақұмық — 300 теңгеден 185 теңгеге дейін (-62%),
Қант — 550 теңгеден 470 теңгеге дейін (-17%),
Картоп — 350 теңгеден 305 теңгеге дейін (-14%),
Сәбіз — 280 теңгеден 190 теңгеге дейін (-47%),
Қырыққабат — 330 теңгеден 290 теңгеге дейін (-13,7%).
Сонымен қатар тұтынушыларға тауарды бағасыз сату немесе баға белгісінде көрсетілген құнға сәйкес келмейтін бағамен сату фактілері бойынша тағы 4 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.