ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Коллаж: Aikyn.kz / Әсел Балтақызы
Мәжілістегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне арналған жиында мектеп қауіпсіздігі тағы да күн тәртібіне шықты. Депутат Наталья Дементьева білім ордаларындағы күзетшілердің кәсіби дайындығына күмән келтіріп, бұл қызметті көбіне жасы ұлғайған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар атқарып жүргенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Мұндай адамдардың еңбегін жоққа шығармаймыз. Алайда төтенше жағдайда шұғыл әрекет ете алатын мамандар қажет", — деді ол.
Бұл мәселеге жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха кадр тапшылығы мен қаржылық шектеулерді алға тартты. Оның айтуынша, елдегі мектептердің саны жылдан-жылға артып келеді, бірақ учаскелік полиция жетіспейді. Қазірдің өзінде ІІМ-ге 25 мыңнан астам полицей қажет, оның ішінде 13 мыңы — учаскелік инспектор мен олардың көмекшілері.
"Бұрын мектепте учаскелік полицейлер жүретін. Қазір кадр тапшы, ал полицияны жиі қысқартуға тап боламыз. Оның үстіне, адам санын арттыруға мораторий жарияланған", — деді Лепеха.
Мектептер мен күзет агенттіктері арасындағы келісімшарт мәселесіне ІІМ араласпайды. Шарттың талаптарын мектеп директоры анықтайды. Күзетшілердің жасы, жынысы және басқа да талаптар сол жерде көрсетіледі. Алайда бәрі қаржыға тіреледі.
"Қаржы жетіспейді. Белгілі бір мөлшерде қаражат бөлініп, сол сомаға сәйкес күзет жалдаңдар деп ұсыныс беріледі. Нәтижесінде біз айтып отырған зейнет жасындағы адамдар жұмысқа алынады", — деді министр орынбасары.