САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қазақстан "Астана LRT" ісіне байланысты халықаралық іздеуде болған Талғат Ардан Түркиядан экстрадициялауды сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Tengrinews.kz-ке Қазақстан Бас прокуратурасы мәлім етті.
Ведомствоның мәліметінше, Талғат Арданға Қылмыстық кодекстің "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету" және "Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы берілген.
10 мамырда Арданның Түркияның Анталия қаласында ұсталғаны белгілі болды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мақсатында Бас прокуратура Түркияның уәкілетті органдарына қажетті барлық құжатты жолдаған. Бұл мәселе Түркия тарапынан қаралуда.
Айта кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев «Астана LRT» құрылысына қатысты қаржы жымқыру ісінде сотталғандарды елге қайтару неге қиынға соғып жатқанын түсіндірген еді. Сонымен қатар, Интерпол Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу жариялаған.