Экономика
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері
"Биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 120 мың теңге біржолғы төлем беріледі. Сонымен қатар сауықтыру шараларына 180 мың теңге есептелген. Барлығы 300 мың теңге болады. Қазір қалада 35 соғыс ардагері бар. Оларға коммуналдық төлем үшін ай сайын 10 мың теңге зейнетақыға қосып беріліп отыр", - деді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Гүлмира Сүлейменова.
Айта кетейік, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 60 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 35 мың теңгеден, тыл ардагерлеріне 12 мың теңгеден беріледі. Мұның алдында Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 519 мың теңгеден берілетіні хабарланған еді.