ҚОҒАМ

Алматыда электр жарығы қымбаттауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

2025 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы қаласында электр энергиясының бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазіргі таңда тұрғындар 1 киловатт-сағат үшін 27,59 теңге (ҚҚС-сыз) төлеп отыр. Жаңа жоба мақұлданса, бұл тариф 29,52 теңгеге дейін көтерілуі ықтимал.

Тек тұрғындар ғана емес, коммерциялық мақсатта электр қуатын пайдаланатындар үшін де тариф өзгереді. Мәселен, кәсіпкерлер мен кеңсе жалдаушылар 1 кВт/сағат үшін 38,66 теңге төлеуі мүмкін. Ал мемлекеттік мекемелерге бұл баға тіпті 111,72 теңгеге дейін жетуі ықтимал.

Сонымен қатар электр энергиясын көп тұтынатындар үшін дифференциалды тариф енгізу жоспарланып отыр: яғни, қаншалықты көп пайдалансаңыз, соғұрлым көбірек төлейсіз.

Айта кетейік, бұл тарифтер әзірге бекітілмеген. Қазір жоба Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қарауында. Егер құпталса, жаңа тарифтер 1 маусымнан бастап күшіне енеді.