Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Polisia.kz
Жетісу облысында ірі көлемдегі алаяқтық дерегі тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында екі ер адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 13 автокөлікті заңсыз иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 314 миллион теңгеден асады.
Күдіктілер – 33 және 34 жастағы азаматтар – көліктерді шетелге шығарып береміз деген желеумен иелерінен алып, кейін оларды өз пайдасына жаратқан. Алаяқтық әрекет Қытай азаматына қарсы жасалғаннан бастау алған. Тергеу мәліметінше, олар бұл азаматпен көліктерін Грузияға тасымалдауға уағдаласып, нәтижесінде алты бірдей темір тұлпарын иемденген. Атап айтқанда, үш Jetour, екі Mercedes C260 және бір Mercedes GLC 260L көліктері күдіктілердің қолына өткен.
Ұрланған көліктер кейін Шымкент пен Жамбыл облыстарына жеткізіліп, үшінші тұлғаларға сатылған.
Бірақ күдіктілер мұнымен тоқтап қалмаған. Олар көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерді де алдап соққан. Беларусь еліне көлік тасымалдауға жүргізуші іздеген кәсіпкер алаяқтарға тап болып, тағы жеті көліктен айырылған. Бұл жолы олар Range Rover, Mini Cooper SE, үш Li 7 және екі Li 9 маркалы көліктерді иемденіп кеткен.
Тергеу мәліметінше, бес қытайлық көлік Жамбыл облысында, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда төмен бағамен сатылған.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, іс материалдары сотқа жолданған.